Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қытай Трампты жанды жерден ұрды

60



 Қытай жоғары технологиялар үшін маңызды жеті сирек жер металының экспортын шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл американдық тарифтерге жауап.

Енді шетелдегі компаниялар бұл материалдарды жай ғана сатып ала алмайды - олар тексеруден өтуі керек: кім және не үшін сатып алады.

Бұл металдар (мысалы, самарий, тербий, лютеций) электроника, әскери техника және қозғалтқыштарды өндіру үшін қажет. Қытай әлемдік өндірістің 70% дерлік бақылайды және оны қысым көрсетуге де пайдаланады.

Қытайлық және австралиялық сирек металлдарды өндіруші компаниялардың акциялары бұл жаңалықтан кейін күрт өсті. Бейжің бұған дейін галлий мен графит сияқты басқа да құнды минералдардың экспортына шектеу қойған.

Әлемдегі ең қажетті металдар неодим мен празеодим бұл жолы тізімге енген жоқ. Олар қуатты магниттерде, мысалы, электр көліктерінің қозғалтқыштарында қолданылады.