Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ресей Президенті В. Путин Украинамен келіссөздер жүргізетін делегация құрамын бекітті – Кремль

70


Мәскеу, 14 мамыр. Munarmedia агенттігі – Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Украинамен келіссөздер жүргізетін ресейлік делегацияның құрамын бекітті. Бұл туралы сәрсенбі күні Кремльдің ресми сайтында хабарланды.

"Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Ресей Федерациясының делегациясын келесі құрамда бекітті. Владимир Мединский – Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі, делегация басшысы; Михаил Галузин – Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары, делегация мүшесі; Игорь Костюков – Ресей Қарулы күштері Бас штабының Бас басқарма бастығы, делегация мүшесі; Александр Фомин – Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары, делегация мүшесі", – делінген В. Путин қол қойған "Украинамен келіссөздер жүргізу жөніндегі Ресей Федерациясының делегациясы туралы" жарлықта.