Ел астанасы Джакартадағы «Истиқлал»
мешітінде Рим Папасы мешіттің бас имамымен бірге діни келісім мен қоршаған
ортаны қорғау туралы декларацияға қол қойып, алты діннің жергілікті
жетекшілерімен кездесті.
Сейсенбі күні
таңертең 87 жастағы папа аймаққа 11 күндік сапарын бастады, бұл оның папалық
қызметіндегі ұзақ шетелдік сапары.
Кешке Индонезияның басты футбол стадионында күтілетін 80
000 көрерменнің алдындағы жиыннан кейін Папуа-Жаңа
Гвинеяға, Шығыс Тиморға және Сингапурға барады.
Бейсенбі күні
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең үлкен мешітте сөз сөйлеген Рим Папасы түрлі дін
өкілдеріне: «Біз бәріміз бір-бірімізбен бауырласпыз, қажылармыз, бәріміз
Құдайға баратын жолдамыз», - деді.
Ол адамзат соғыс, қақтығыстар және қоршаған
ортаның бұзылуынан туындаған «ауыр дағдарысқа» тап болғанын айтты.
Рим папасы сонымен
қатар жол бойындағы Истиқлал мешітін католиктік собормен байланыстыратын 28
метрлік (91 фут) туннельге барды.
Ол бас имам Насаруддин Омармен бірге
«достық туннелінің»
аралап шықты.
Индонезия - әлемдегі ең үлкен мұсылмандар мемлекеті және
оның 275 миллион халқының тек 3% католиктер.
Индонезияда ресми түрде мойындалған алты дін бар: ислам,
протестантизм, католицизм, буддизм, индуизм және конфуциандық.
Рим папасы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы
шіркеу жетекшілерімен және халықпен кездесулері алдын-ала жоспарланған.