Шәмшіні спектакльдерде таяқ жеген ғып көрсеткен театр директорларын сотқа бермек.
Бұл туралы Ботагөз Қалдаяқова Мәжілістегі «Креативті индустрияны дамыту» тақырыбында өткен отырыс кезінде мәлімдеді.
«Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы «Сыған серенадасы» пьесасы қойылып жатыр, мұрагерлердің рұқсатынсыз. Мұрагерлер ол оқиға жайлы бірнеше рет айтылған, нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа барамыз», – деді композитордың келіні.