Алдын ала мәліметтер бойынша, стихиялық акцияға 44 мыңнан астам адам қатысқан. Юн Сок Ёльдің атын айқайлап, наразылық білдірушілер сот ғимаратын қорғаған күзетшілерді ығыстырып, іште тәртіпсіздік жасаған.
Президенттің міндетін атқарушы Чхве Сан Мок наразылық білдірушілерге тек жалпы үндеу жасап, сабырға шақырумен шектелуде.
Митингке шыққан топ полицияға қатты қарсылық көрсетуде. Сот ғимаратына қойылған кордондарды халық бірнеше минут ішінде бұзып, ғимарат ішіндегі адамдарды ұстап тұру әрекеттері сәтсіз аяқталған. Тіпті полиция қызметкерлеріне ауыр заттар мен жиһаз лақтырылған.
Бұл уақытта сот 15 қаңтардан бері қамауда отырған экс-президенттің қамау мерзімін тағы 20 күнге ұзартты. Судья бұл шешімді күдіктінің еркіндікке шықса, қылмыстық істер бойынша дәлелдерді жойып жіберуі мүмкін деген қауіппен түсіндірді. Бұл шешімді Юн Сок Ёльдің жақтастары өте теріс қабылдады.
Полиция өкілдері түскі уақытқа қарай, яғни бұрынғы президентті жемқорлықпен күрес басқармасында алғаш тергеу жоспарланған кезде, қақтығыстардың күшеюінен қауіптеніп отыр. Билік полициядан көшелерде тәртіп орнатуды талап етуде.