АСТАНА. 20.05.2026. Munarmedia.kz — Талдықорған қаласында облыстық сот-медициналық сараптама инспекциясының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 9 мамыр күні құқық қорғау органдарына Жетісу облыстық сот-медициналық сараптама инспекциясының 1985 жылы туған директоры А.Ж.-ға қатысты арыз түскен.
Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті марқұмның мәйітін ашпау және денені жерлеуге жедел беру мәселесін шешу үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
Арыз материалдарында туыстары қайғы мен күйзеліс жағдайында болған кезде оларға мәселені ақша арқылы «шешу» ұсынылғаны айтылған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ақша беру процесі жедел бақылауда жүргізілген. Күдікті қаражатты алған сәтте ұсталған.
Жеке тінту барысында одан ақша қаражаты мен жаңа ұялы телефон тәркіленген.
Қазіргі уақытта аталған факі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары өзге мәліметтерді тергеу мүддесіне байланысты жарияламады.
Дереккөз: Munarmedia Telegram арнасы
#Талдықорған #Жетісу #СотМедициналықСараптама #Пара #ҚұқықҚорғау #Қазақстан #Munarmedia