Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

«Штрафстан» құрып жатсыздар»: Перуашев кәсіпкерлерге салынатын айыппұлдарға қарсы шықты

45

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қолдамады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутат бұл заң жобасына не себепті қарсы екенін түсіндірді.

«Біз кәсіпкерлеге салынатын ауыр айыппұлдарды 3-5 есе азайту туралы бірнеше түзету ұсынған болатынбыз. Өкінішке қарай, не жұмыс тобы, не Мәжілістің Бюросы, яғни барлық басқа фракциялар осы айыппұлдарды қазіргі, демек ауыр көлемінде қалдыруды қалады. Уәждері қарапайым, айыппұлдар бұзушылықтардың алдын алу және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін қажет. Алайда, аталмыш заң жобасын талқылау барысында біздің фракцияға 2 мыңнан астам кәсіпкерден аталған айыппұлдарды азайтуды сұраған өтініштер түскен», - деді депутат.

Азат Перуаешев бүгінгі заңға енгізілген түзетулердің 80 пайызы репрессиялық сипатқа ие екенін баса айтты.

«Орынсыз қомақты айыппұлдар шын мәнінде тұтынушыларды қорғамайды, керісінше Ұлттық банктің соқыр саясаты мен доллардың құбылмалы бағамына қоса инфляцияға ықпал етеді. Жазалау мен ауырлықтың өзара теңгерімі керек, бұл құқықтың басты принциптерінің бірі. (…) Шенеунік мырзалар, сіздер үшін мен ұялып отырмын. Бір рет болса да жылы кеңселерден шығып, кәсіпкердің немесе тұтынушының орнына барып тұрып көріңіздер. Сіздер әлдебір «Штрафстанды» құрып жатырсыздар», - деді мәжілісмен.