Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Тәжікстанда саясаткерлер тұтқындалуда

47

Тәжістанда Дмеократиялық партияның жетекшісі Санжафар Усмонзоданың үстінен «билікті күшпен басып алмақ болды» деген желеумен қылмыстық тергеулер басталды.

Тәжікстанның Ұлттық ғылым Академиясында философия институтының қызметкері Акбаршо Искандровтың тұтқындалғанын растады. Искандаров елдегі белгілі саясаттанушылардың бірі ретінде танымал.
Сонымен қатар Демократиялық партия төрағасының орынбасары Ахмадшоха Комилзода мен пен Социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары Шокирджон Хакимовта тұтқындалған болатын.

Ресми Душанбе бұл мәселе бойынша мәлімдеме жасамаса да азаматтардың барлығы ел президенті Эмомали Рахмонды тақтан тайдыруға әрекеттенді деп айыпталып отыр.
Тергеу орындары тұтқындалғандардың бангк есеп-шоттарын бұғаттап, баспаналары мен автокөліктерін, жылжымайтын мүліктерін тұтқынға алған. Саясаткерлердің отбасылары мен туыстары тергеу орындары тарапынан қысым көріп жатқандарын мәлімеуде. Сонымен бірге қорғаушылар да бас тартуда.
Бұл тұтқындаулардың барлығы МҰҚК төрағасы Саймумин Ятимов пен бас прокурор Юсуф Рахмон арасындағы текетірес салдарынан орын алуда дейді. Олардың мақсаттары болашақта Эмомали Рахмонның орнын басуы мүмкін ізбасарларды өзара таластырып қою мақсатында ұйцымдастырылуы мүмкін. Саяси партиялардың басшылары тұтқындалған соң 50-ге жуық адам тергеуге шақырылды.