Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Трамп келесі аптада Украинадағы соғысты тоқтату жоспарын ұсынады

98

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 14-16 ақпанында өтетін Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Украинадағы соғысты тоқтату жоспарын ұсынбақ.


Трамп әкімшілігінің арнайы өкілі Кит Келлог бұл жоспарды АҚШ-тың одақтастарына таныстырады.


Болжам бойынша, жоспар қақтығысты «тоқтату» және Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру арқылы Ресейдің қайта шабуыл жасауына жол бермеуді көздейді. Ресейдің бақылауындағы аумақтардың мәртебесі белгісіз болып қалады.


Бұған дейін Трамп Украинаға әскери техника беруді сирек кездесетін металдарға айырбастау ұсынысын айтқан болатын. Сонымен қатар, ол Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты тоқтату үшін "өте конструктивті" келіссөздер жүргізілетінін мәлімдеді.