Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Трамп уәдесінде тұрды. Илон Маскке Үкіметтен қызмет ұсынды

87

Илон Масктың байлығы 300 миллиард доллардан асты. Осылайша, Трамп Маскқа үкіметтегі лауазым ұсынды.


Үкіметтің тиімділігін арттыру үшін жаңа департаментті бірге басқаруды Дональд Трамп кәсіпкерлер Илон Маск пен Вивек Рамасвамиға ұсынды.


«Бұл екі тамаша америкалық менің әкімшілігіме үкіметтік бюрократияны жоюға, артық реттеулерді азайтуға, шығындарды үнемдеуге және федералдық агенттіктерді қайта құруға жол ашады. Бұл "Американы құтқарайық" қозғалысы үшін маңызды шарт», – делінген Трамптың мәлімдемесінде.


BBC мәліметінше, жаңа департаменттің аббревиатурасы — DOGE — Маск қолдайтын Dogecoin криптовалютасының атауына сілтеме жасайды.


Жаңа құрылымның қандай сипат алатыны әлі белгісіз. Трамптың мәлімдемесіне қарағанда, ол Ақ үймен және Бюджет басқармасымен бірлесе отырып, ауқымды құрылымдық реформалар жүргізетін болады.


Сондай-ақ, Маск пен Рамасвами бұл қызметті 2026 жылдың шілдесіне дейін атқаратыны белгілі болды, бірақ олардың өкілеттік мерзімі сол уақытта аяқтала ма, белгісіз.


Еске сала кетсек, Илон Маск Трамптың сайлауалды науқанын белсенді қолдаған болатын. Өз кезегінде, Трамп оны сайланса, ресми қызметпен қамтамасыз етуге уәде еткен.