Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясы мен Әзербайжанға сапарынан келе жатып ұшақ ішінде журналистерге сұхбат берді. Ердоған сұхбат барысында Палестина мен Ливанда "Хезболла" тобына қарсы соғыс жүргізіп жатқан Израильді айыптап, оған қысым жасау тетіктері туралы айтты.
Ердоған Түркия Израильге қысымды ұстап тұруға және халықаралық құқық негізінде осы елге қатысты мәжбүрлеу шараларын қабылдауға бар күшін салып жатқанын жеткізген.
“Түркия, сөзсіз, Израильдің әлемдегі қатыгездіктеріне ең күшті реакция көрсеткен және осыған байланысты ең нақты қадамдар жасаған, соның ішінде сауданы тоқтатқан ел" деді ол.