Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Украина президенті Владимир Зеленский және АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті.

50



"Мен Дональд Трамппен оны республикалық партияның атынан президент сайлауына қатысатын кандидат атануымен құттықтау үшін және Пенсильваниядағы жан түршігерлік қастандық әрекетті айыптау үшін сөйлестім. Оған күш-жігер, қауіпсіздік тіледім" деп жазды Владимир Зеленский.

Оның сөзінше, Трамппен әңгімеде ол "Украинаның бостандығы мен тәуелсіздігін АҚШ-тың қос палатасы мен қос партиясының қолдауы маңызды" екенін атап өткен. "Әлемді әділетті әрі берік ететін" қадамдарды екі саясаткер жеке кездесу кезінде талқылауға келіскен.

Трамп Зеленскиймен "өте жақсы" әңгімелескенін айтып, "АҚШ-тың президенті болған жағдайда соғысты тоқтатып, әлемге бейбітшілік әкелуге" уәде берді.