Munarmedia.kz 14.05.2026 /Астана/ – Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) халықаралық іздеуде жүрген төрт күдіктіні елге қайтарды.
Ведомство мәліметінше, операция шетелдік арнайы қызметтермен бірлесіп жүзеге асырылған. Қайтарылған азаматтар террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде болған.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер 7 және 12 мамыр күндері арнайы жасақтың сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізілген. Олар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген және қазақстандық тараптың сұрауы бойынша ұсталған.
Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық істер аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ведомство тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат таратылмайтынын атап өтті. Бұл шектеу Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес қолданылады.