АСТАНА. 20.05.2026. Munarmedia.kz — «Халық кеңесінің» құрамы 126 адамнан жасақталып, оның мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет кулуарында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, кеңес құрамы тепе-теңдік қағидаты бойынша қалыптастырылады. Атап айтқанда, ұлттық-мәдени орталықтардан — 42 адам, қоғамдық бірлестіктерден — 42 адам және өңір өкілдерінен — 42 адам енгізіледі. Осылайша кеңестің жалпы саны 126 мүшеден тұрады.
Кандидаттарды қоғамдық ұйымдар ұсынғанымен, соңғы құрамды Қазақстан Президенті бекітеді.
Сондай-ақ «Халық кеңесінің» хатшылығы мемлекеттік орган мәртебесіне ие болып, республикалық бюджеттен қаржыландырылатыны айтылды. Ерлан Саировтың пікірінше, хатшылықтың басшылығы мен қызметкерлер саны 10 адамнан аспайды.
Айта кетейік, жаңа консультативтік құрылым қоғам мен билік арасындағы диалогты күшейтуге бағытталған бастама ретінде қарастырылып отыр.
Дереккөз: Munarmedia Telegram арнасы
#Қазақстан #ХалықКеңесі #ЕрланСаиров #Мәжіліс #Саясат #Қоғам #Munarmedia