Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Хиджабсыз ән айтқан Иран әншісі тұтқындалды

27


Parastoo Ahmadi YouTube-арнасында тікелей эфирде ән айтқан видеосын жариялағаннан кейін тұтқындалғанын BILD хабарлады.

Видеода әнші ашық иықтары бар ұзын қара көйлек киіп, хиджабсыз өнер көрсетуде. Оған төрт ер музыкант сүйемелдеу жасаған.

Иран билігі әншіге қылмыстық іс қозғады. Олар концерттің «заңды рұқсаты жоқ және құқықтық әрі мәдени нормаларға сәйкес келмейтінін» мәлімдеді.

Иран заңдары әйелдердің жеке ән айтуына және хиджабсыз көпшілік алдына шығуына тыйым салады. Әйелдер тек ерлерден құралған аудиторияда хор құрамында өнер көрсете алады немесе арнайы залдарда әйелдер аудиториясына ән айта алады.

«Мен Парасту, сүйікті адамдарым үшін ән айтуды қалайтын қызбын. Бұл мен бас тартпайтын құқым. Мен сүйікті еліме ән арнаймын», – деді ол өнер көрсетпестен бұрын.

Қазіргі уақытта видео 1,9 миллионнан астам қаралым жинаған, ал концерттен үзінділер әлеуметтік желілерде кең таралуда.

Ахмадидің тұтқындалғаны туралы оның адвокаты Миляд Панахипур хабарлады. Ол сондай-ақ сенбі күні Тегеранда әншінің тобынан екі музыканттың тұтқындалғанын айтты. Алайда әншінің қазіргі орналасқан жері белгісіз.

Жақында Иранда моральдық нормаларды реттейтін жаңа заңдар күшіне енбек. Олар қатаң жазаларды қарастырады. «Құндылық пен хиджаб мәдениеті» туралы заңның талаптары киім кию мен мінез-құлыққа қатаң шектеулер енгізеді.

Жаза ретінде ірі көлемдегі айыппұлдар мен 5 жылдан 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру қарастырылған. Кейбір жағдайларда, егер бұзушылық билікке «шетелдік мемлекеттермен ынтымақтастық» ретінде көрінсе, іс өлім жазасына дейін жетуі мүмкін.


* Фото: Parastoo Ahmadi YouTube-арнасындағы бейне кадры.