Алматы облысының Кеген ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған бюсттің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Естеріңізге сала кетейік, Заманбек Нұрқаділовтің 80 жылдығына арналған «ас» кезінде осындай тапсырманы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын.
Заманбек Нұрқаділов 1944 жылы 15 қаңтарда Алматы облысының Кеген ауылында дүниеге келген. 2005 жылдың 12 қарашасында ол өз үйінде үш оқ жарақатымен өлі табылды: екі оқ кеуде тұсына, бір оқ басына тиген.
Ресми нұсқаға сәйкес, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда саясаткердің туыстары оның өлтірілгеніне сенімді.