Жапония тұрғындарының басым бөлігі әйелдің император тағына отыруын қолдайды

13

Munarmedia.kz | 27.07.2026 | ASTANA  Жапония тұрғындарының басым көпшілігі император тағына әйел адамның отыруына мүмкіндік беруді қолдайды. Бұл Kyodo агенттігі жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде белгілі болды.

Сауалнамаға қатысқандардың 81 пайызы әйелдердің тақ мұрагері болуына қолдау білдірсе, 16,1 пайызы бұл бастамаға қарсы екенін айтқан.

Сонымен қатар, респонденттердің 49,6 пайызы үкімет ұсынған тақ мұрагерлігіне қатысты жуырдағы заңнамалық реформалар қоғам тарапынан қолдау таппайды деп есептейді. Ал сауалнамаға қатысқандардың 44,3 пайызы керісінше пікір білдірген.

Сарапшылардың пікірінше, Жапонияда императорлық тақ мұрагерлігі мәселесі қоғамда кеңінен талқыланып келеді. Қазіргі заңнамаға сәйкес, елдің императорлық тағына тек ер адамдар ғана мұрагер бола алады.

#Жапония #Император #ТақМұрагерлігі #Қоғам #Kyodo #MunarMedia