Украина БАҚ-тарының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский 9 мамырда Ресейде өтетін шараға қатыспайтынын мәлімдеді. Оның орнына Зеленский 30 күндік бітімге келісуді ұсынды.
«Атысты тоқтату бойынша ұсыныс америкалықтар тарапынан болды. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қай күні болатыны маңызды емес, бірақ мүмкіндігінше ертерек бастауға тырысуымыз керек. 30 күндік бітімнің мәні неде? Өйткені үш, бес, жеті күнде келісімге келу мүмкін емес», — деді Зеленский.
Сондай-ақ, Украина басшысы 9 мамырда Мәскеуге баратын әлем жетекшілеріне қауіпсіздік кепілдігін бере алмайтынын жеткізді.