Жерорта теңізінде Ресей кемесі суға батып кетті

118


Жерорта теңізінің халықаралық сулары аумағында, Испания мен Алжир арасындағы жерде, Ресейдің «Большая медведица» атты жүк кемесі суға батып кетті. Сириядан қару-жарақ пен жабдық тасымалдаған кеме машиналық бөлімдегі жарылыстың салдарынан апатқа ұшыраған. Экипаждың 14 мүшесі құтқарылып, Испанияның Картахена портына жеткізілді. Тағы екі адам хабар-ошарсыз жоғалғандар қатарында.

«Большая медведица» Ресейдің Сириядағы әскери активтерін эвакуациялауға жауапты «Сириялық экспресс» конвойының бір бөлігі болған.

Бұл маршрут көптен бері Ресей армиясының логистикалық операциялары үшін стратегиялық маңызға ие.