200 мың педагогты жасанды интеллектті қолдануды үйретеді

76

Munarmedia.kz 05.04.2026 /Astana/


Бұл туралы Қазақстанның оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, 240 мыңнан астам педагог жасанды интеллектті қолдану бойынша қайта даярлаудан өткен. Ал тағы 200 мың мұғалім ChatGPT Edu жобасы аясында ІІ-ассистенттерді пайдалануды меңгереді.

Сонымен қатар, ведомство басшысы өткен жылдың қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттерді таныстырды. Атап айтқанда, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы аяқталған.

Бұдан бөлек, 184 білім беру нысаны пайдалануға беріліп, 80 үш ауысымды және 31 апатты мектеп мәселесі шешімін тапқан.

#білім #жасандыинтеллект #мектеп #Қазақстан #Тоқаев #ChatGPT