Munarmedia.kz 05.04.2026 /Astana/ Қазақстанның Ресейдегі елшісі Даурен Абаев және Астана қаласының депутаттары Мәскеу қаласындағы Чистые пруды ауданында орналасқан, Қазақстан тарту еткен Абай Құнанбайұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Астана қалалық мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден бұл ескерткіштің ұлы ойшылға көрсетілген құрметтің белгісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, нысан екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосып келеді.
Ескерткіш ашылған уақыттан бері қазақстандық делегациялар үшін дәстүрлі түрде баратын орынға айналып, Абай Құнанбайұлы өлеңдерін оқитын рухани алаң ретінде қалыптасты.
#Абай #Мәскеу #мәдениет #Қазақстан #халықаралықҚатынас