Munarmedia.kz 31.03.2026 /Astana/ Қазақстаннан Қырғызға жіберілетін көмірдің көлемі күрт азайды. Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық статистика комитеті мәлім етті.
Ресми деректерге сәйкес, есепті кезеңде Қазақстан көмірінің импорты жылдық салыстыруда 89,1%-ға азайған. Атап айтқанда, 2026 жылдың қаңтарында небәрі 4,8 мың тонна көмір жеткізілген. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 43,9 мың тоннаны құраған.
Бұған дейін, 2024 жылдың қазан айында Таалайбек Ибраев Қырғыз Республикасы жыл сайын Қазақстаннан 550–600 мың тонна көмір импорттап келгенін хабарлаған болатын. Бұл көмір негізінен Бішкек ЖЭО қажеттіліктеріне пайдаланылған.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта елдің импорттық көмірге тәуелділігі төмендейді. Бұл Мин-Куш кен орнында қосымша 200 мың тонна көмір өндіру есебінен жүзеге аспақ.
Сонымен қатар, Қырғызстанның Энергетика министрлігі 1–2 жыл ішінде жылу электр орталықтары үшін көмір импортынан толықтай бас тартуды жоспарлап отыр.