Астана-Ұланбатыр бағытында әуе рейс ашылды

1338

Munarmedia.kz 31.03.2026 /Astana/

Алматы қаласына бірқатар халықаралық әуе бағыттары қайта жанданып, жаңа рейстер ашылуда.

29 наурыздан бастап германиялық Lufthansa әуе компаниясы Франкфурт-на-Майне – Алматы бағыты бойынша рейстерін қайта бастады. Ұшулар аптасына бес рет орындалады.

Сондай-ақ, 7 сәуірден бастап оңтүстіккореялық лоукостер Eastar Jet Алматы – Сеул (Инчхон) бағыты бойынша рейстерін қайта іске қосады. Ал 1 мамырдан бастап Алматы – Пусан бағыты қайта ашылады. Бұл рейстер аптасына екі рет орындалады.

Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы 2 маусымнан бастап Астана – Ұлан-Батор бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қоспақ.

Ұшу кестесі:
– Астана – Ұлан-Батор: сейсенбі және жұма күндері;
– Ұлан-Батор – Астана: сәрсенбі және сенбі күндері.