Munarmedia.kz 31.03.2026 /Astana/
Құжатқа сәйкес, әскери соттар өлімге әкелген шабуылдар үшін кінәлі деп таныған тұлғаларға сырттай өлім жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Заң нормаларына сәйкес, үкім шыққаннан кейін 90 күн ішінде дарға асу арқылы жаза орындау қарастырылған. Белгілі бір жағдайларда жазаны кейінге қалдыру мүмкіндігі бар, алайда кешірім жасау құқығы қарастырылмаған. Сонымен қатар, ерекше жағдайларда өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін, бірақ мұндай жағдайлар заңда нақты көрсетілмеген.
Алғашқы заң жобасында Израиль азаматтығы жоқ, әскери соттар террорлық сипаттағы өлімге әкелген шабуылдар үшін кінәлі деп таныған тұлғаларға өлім жазасын енгізу ұсынылған. Халықаралық қауымдастықтың ықтимал теріс реакциясын болдырмау мақсатында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху заң жобасының кейбір тұстарын жұмсартуды сұраған.
Айта кетейік, Израильде адам өлтіру қылмысы үшін өлім жазасы 1954 жылы жойылған болатын.