Munarmedia.kz.10.09.2026.ASTANA-Қазақстан 2030 жылға дейін Жерді қашықтан зондтауға арналған тоғыз спутниктен тұратын халықаралық топтама құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Space Days Kazakhstan 2026 форумында жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, халықаралық топтамаға Қазақстанның алты ғарыш аппараты, сондай-ақ Моңғолия, Конго Республикасы және Нигерияның бір-бірден спутнигі кіреді.
Бұдан бөлек, жобаға алдағы уақытта басқа да елдердің қосылуы мүмкін. Осыған байланысты спутниктер санын 14-ке дейін арттыру жоспарланып отыр.
Бұған дейін қазақстандық өндірістен шыққан үш спутниктің Конго, Нигерия және Моңғолияға жеткізілетіні хабарланған болатын. Олардың жалпы құны 75 млн долларды құрайды.
#Қазақстан #Ғарыш #Спутник #ЖердіҚашықтанЗондтау #ЦифрлықДаму #SpaceDaysKazakhstan2026 #Munarmedia