2040 жылға қарай әлемнің 33 елі су тапшылығының күрделі мәселесіне тап болуы мүмкін

89

Munarmedia.kz 15.04.2026 /Astana/ Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, бұл жағдайға бірнеше фактордың қатар әсер етуі себеп болады. Сарапшылар негізгі қауіптер ретінде халық санының өсуін, климаттың өзгеруін және ауыл шаруашылығы, энергетика мен қалалардағы су тұтынудың артуын атап отыр.

Атап айтқанда, Таяу Шығыс елдерінде жағдай аса күрделі болмақ. Бұл өңірге су тапшылығы қаупі жоғары мемлекеттердің шамамен жартысы тиесілі. Қазірдің өзінде бұл аймақ су ресурстарымен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша ең осал өңірлердің бірі саналады.

Мамандардың пікірінше, алдағы жылдары су ресурстарын тиімді басқару және үнемдеу шараларын күшейту аса маңызды болмақ.

#сутапшылығы #климат #экология #әлем #зерттеу #Munarmedia