Munarmedia.kz.29.05.2026.ASTANA-2024 жылғы тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) ағынына жасалған талдау әлемдік капиталдың қай мемлекеттерге көбірек бағытталғанын көрсетті. Сарапшылардың мәліметінше, бірқатар елдер әлі де шетелдік инвесторлар үшін негізгі тартымды нарық болып отыр.
Тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша көш басында АҚШ тұр. Ел 2024 жылы шамамен 279 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартқан.
Сарапшылардың айтуынша, рейтингтегі кейбір мемлекеттер экономикалық көлемімен салыстырғанда әлдеқайда көп инвестиция қабылдайтын ірі қаржы орталықтарына айналған.
Олардың қатарында:
— Сингапур — 143 млрд доллар
— Гонконг — 126 млрд доллар
— Люксембург — 106 млрд доллар
Сонымен қатар, инвестиция тартудан алдыңғы қатарға шыққан өзге елдер:
— Қытай — 116 млрд доллар
— Канада — 64 млрд доллар
— Бразилия — 59 млрд доллар
— Австралия — 53 млрд доллар
— Мысыр — 47 млрд доллар
— БАӘ — 46 млрд доллар
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Германия мен Ресей сияқты ірі экономикалар 2024 жылы тікелей шетелдік инвестиция тарту көрсеткіші бойынша бірқатар елдерден артта қалған.
Мамандар мұны геосаяси тәуекелдер, экономикалық тұрақсыздық және инвесторлардың жаңа нарықтарға қызығушылығының артуымен байланыстырады.
Айта кетейік, деректер UN Trade and Development (UNCTAD) ұйымының ресми есептері негізінде жарияланған.
#Инвестиция #Экономика #АҚШ #Қытай #Сингапур #Әлем #Қаржы #UNCTAD #Munarmedia