Қазақстан Ресейдің үш қаласында мектеп салуды жоспарлап отыр

79

Munarmedia.kz.29.05.2026.ASTANA-Қазақстан Үкіметі Ресей Федерациясының үш өңірінде — Орынбор облысы, Омбы қаласы және Астраханьда мектеп салу жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін вице-премьер мәлімдеді.

Серік Жұманғарин айтуынша, жаңа білім ордалары аралас форматта жұмыс істейді. Яғни оқушылар қазақ және орыс тілдерін қатар меңгеретін болады.

— Бұл мектептер екіжақты білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған, — деді вице-премьер.

Бұған дейін Ресей тарапы Қазақстан аумағында үш мектеп салу бастамасын көтерген болатын. Жобалар Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында жүзеге асырылуы жоспарланған.

Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан да жауап ретінде ұқсас ұсыныс білдірген.

— Ресеймен келісімдер дайын болған соң, біз өзара құжаттарға бір мезетте қол қоямыз, — деді ол.

Сарапшылар мұндай бастамалар екі ел арасындағы білім, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін айтады.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық жобалары кеңейіп келеді.

#Қазақстан #Ресей #Білім #Мектеп #Жұманғарин #ХалықаралықЫнтымақтастық #Орынбор #Омбы #Астрахань #Munarmedia