Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын өлтіргенге сот үкімі шықты.

39

Астана, 02.05.2026 — «Munarmedia.kz» Сот отырысы жабық режимде өтіп, айыпталушыға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыс 2025 жылдың қазан айында болған.

Марқұм Ержан Бабакумаров әр жылдары Алматы қаласының әкімдігі әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар ол Орталық коммуникациялар қызметі басшысы болып, Премьер-Министр кеңсесінде де жұмыс істеген.

Қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер сот процесінің жабық өтуіне байланысты жарияланған жоқ.

#Астана #Munarmedia #Алматы #Сот #Қылмыс #Үкім #Қазақстан