Бұрыңғы миллиардердің зауыты әкімдікке қайтты

55

Астана, 02.05.2026 — «Munarmedia.kz»

Шығыс Қазақстандағы ірі өндіріс нысандарының бірі — бұрын миллиардер Анатолий Балушкин иелік еткен автозауыт жаңа меншік иесіне өтті.

Атап айтқанда, аяқталмай қалған Азия Авто – Бипэк Авто автозауыт кешені Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қарамағына тегін берілді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, зауыттың өзі мен оған тиесілі жер телімдерінің құны нөл теңге деп бағаланған. Ал кәсіпорын аумағында орналасқан тауарлар мен материалдық құндылықтардың жалпы бағасы шамамен 124 миллион теңгені құрайды.

Қазіргі таңда тәркіленген мүлікті әкімдік балансына өткізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім өңірдегі өндірістік инфрақұрылымды қайта жандандыруға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік беруі мүмкін.

#Астана #Munarmedia #ШҚО #АзияАвто #Өнеркәсіп #Инвестиция #Қазақстан