Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Америкаға арналған жаңа НАТО келісімі

68


АҚШ Президенті Дональд Трамп қайтадан қызметке кірісе сала, Еуропа елдері оның НАТО альянсына қолдау көрсетуін жалғастыру үшін қорғаныс саласында айтарлықтай көбірек қаржы жұмсауын талап ететіне дайындалып жатыр. Осыған орай, 60-тан астам жоғары лауазымды трансатлантикалық қорғаныс сарапшылары, АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің талаптарын орындау үшін Еуропа елдеріне жаңа НАТО келісімін ұсынып отыр.

Atlantic Charter 2025 деп аталатын құжат, Брюссельде өткен НАТО жетекшілері жиынында ресми түрде таныстырылып, Еуропа үкіметтеріне және Трамптың жаңа командасына тарату үшін әзірленген. Бұл келісім, Еуропаның қорғаныс саласына қатысты қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қосымша күш жұмсау қажеттілігі туралы Трамптың талаптарына сәйкес келеді. Құжат Еуропаның НАТО үшін қабылданған қорғаныс жоспарларын орындауға жұмылдыруды жеделдетудің нақты жолдарын ұсынады. Бұл АҚШ әскери күштеріне НАТО-ның қазіргі тым тәуелділігін азайтуға үлкен септігін тигізеді.