Ақмола облысы агроөнеркәсіптік өндірісті цифрлық бақылау тәжірибесі ел көлемінде кеңінен енгізілмек.

35

Munarmedia.kz 13.04.2026 /Astana/– Өңірде егіс науқанынан бастап өнімді өткізуге дейінгі барлық кезеңді қамтитын цифрлық бақылау жүйесі сынақтан өтті. Жақын уақытта бұл тәжірибе бүкіл республика бойынша қолданылатын болады.

Спутниктік мониторингті пайдаланатын жүйе есеп жүргізудің дәлдігін арттырып, субсидияларды бөлу кезінде жалған мәліметтердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірде топырақ жағдайын талдау және жер ресурстарын басқару үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Цифрлық шешімдер мал шаруашылығы саласына да енгізілуде. Атап айтқанда, мал есебі мен ветеринариялық процестер автоматтандырылып, жасанды интеллект элементтері бар сервистер әзірленіп жатыр.

Қазіргі таңда мемлекеттік қолдаудың бірқатар бағыты онлайн форматта қолжетімді. Ал 2026 жылы фермерлерге арналған чат-ботты іске қосу жоспарлануда. Болашақта агроөнеркәсіп кешенінің бірыңғай цифрлық экожүйесін құру көзделген.

#Munarmedia #Astana #Ақмола #Агроөнеркәсіп #Цифрландыру #АуылШаруашылығы #Технология