Munarmedia.kz 13.04.2026 /Astana/– Мектеп бітірушілерге, олардың ата-аналарына және білім беру ұйымдарының әкімшілігіне соңғы қоңырау мен бітіру кешін өткізу тәртібі еске салынды.
Ресми мәліметке сәйкес, аттестаттарды тапсыру рәсімі тек мектеп қабырғасында ғана ұйымдастырылуы тиіс.
Сондай-ақ оқушылардан, ата-аналардан немесе заңды өкілдерден қаражат жинауға қатаң тыйым салынады. Бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерде өткізуге де рұқсат етілмейді.
Жергілікті атқарушы органдар қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырады.
Құқық қорғау органдары бітіру кештерінің өту барысын бақылауда ұстайтыны атап өтілді.
#Munarmedia #Astana #Бітірушілер #Мектеп #Білім #СоңғыҚоңырау #Қауіпсіздік