Ақмола облысында ат шауып жүргендер үш жасар баланы қағып кетті

60

Munarmedia.kz 12.06.2026. ASTANA Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Талапкер ауылында болған қайғылы оқиға салдарынан үш жасар бала ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір топ жас ауыл көшелерінің бірінде ат жарысын ұйымдастырған. Жарыс кезінде шабандоздардың бірі атына ие бола алмай, салдарынан жол бойында жүрген бүлдіршін аттың астында қалған.

Зардап шеккен баланың туыстарының айтуынша, оқиға салдарынан оның ішкі ағзалары ауыр зақымданған. Дәрігерлер баланың бауыры жаншылып, қолы сынғанын анықтаған.

Бүлдіршінге бірнеше күрделі ота жасалып, қазіргі уақытта дәрігерлердің тұрақты бақылауында жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Оқиғаға байланысты Ақмола облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, оған қатысы бар тұлғалардың жауапкершілік деңгейін белгілеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram арнамыз: https://t.me/Munarmedia

#Munarmedia #Astana #АқмолаОблысы #Талапкер #ЦелиноградАуданы #Оқиға #ҚылмыстықІс #Полиция #Жансақтау #ҚазақстанЖаңалықтары