Ақмола облысында «Бес асыл» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті
Бөлісу:
46
Астана, 02.05.2026 — «Munarmedia.kz»-Қазақ халқының ауызекі музыкалық-әдеби мұрасын сақтау мен дамытуға бағытталған жоба айтыс, күй, жыр, терме және халық әндері сияқты дәстүрлі жанрларды біріктірді. Іс-шара Ақмола облысы әкімдігінің және айтыскер ақындар, жыршы-термешілердің халықаралық одағының қолдауымен ұйымдастырылды.
Байқауға Ақмола және Атырау облыстарының командалары қатысып, олардың құрамына дәстүрлі өнердің үздік өкілдері енді.
Ақмола облысының намысын Арман Бердалин жетекшілік ететін команда қорғады. Құрамында: Ерлан Дәулет (түре айтыс), Мұхаммед Қоңқаев (сүре айтыс), Әлібек Серғалиев (қайым айтыс), Құрмет Құралхан («өтірік өлең»). Атырау облысының командасын Саадат Нұрманов бастап шықты. Оның құрамында: Серікбол Панабердиев (түре айтыс), Батыржан Кәдірбай (сүре айтыс), Ернұр Исахаев (қайым айтыс), Салауат Кәрімұлы («өтірік өлең»).
Байқауды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жүргізді.
Қазылар алқасына Қазақстанның халық жазушысы, айтыскер ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман төрағалық етті.
Іс-шараны ашқан Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысушылар мен қонақтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, рухани мәдениетті дамыту мен ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен және ұйымдастыру комитетінің дипломдарымен марапатталды. Ақмола облысының командасына облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев «Бес асыл» республикалық ұлттық өнер байқауының екінші кезеңіне жолдама табыстады.