Ақмола облысында мұғалім телефон алаяқтарының құрбаны болып, 20 млн теңгеден айырылды.

7

Munarmedia.kz 09.04.2026 /Astana/ Целиноград ауданында ауыл мұғалімі өзін мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтардың нұсқауымен 17 млн теңге аударып, қосымша 3 млн теңгеге несие рәсімдеген. Әйел адам полицияға тек бесінші күні ғана жүгінген.

Құқық қорғау органдары азаматтарға ескерту жасайды: өзін мемлекеттік құрылым қызметкерлері ретінде таныстырған бейтаныс қоңырауларға сенбеу, ақша аудармау және банк картасының деректерін жария етпеу қажет. Күдікті қоңыраулар түскен жағдайда бірден полицияға хабарласу керек.

#Ақмолаоблысы #алаяқтық #телефоналаяқтары #қауіпсіздік #полиция