Munarmedia.kz 09.04.2026 /Astana/
АҚШ пен Иран арасындағы бітімге АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен Қытай тарапынан делдалдардың келіссөздерге қатысуы нәтижесінде қол жеткізілді. Бұл туралы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.
Делдал елдердің бірінің шенеунігінің айтуынша, Вашингтон сейсенбі күні кешке келіссөздерге Вэнсті қосты, ал Қытай өз кезегінде Иранның келісім шарттарын қабылдауына ықпал еткен.
Сондай-ақ The New York Times ирандық шенеуніктерге сілтеме жасап, Иранның АҚШ-пен келіссөзге баруына Қытай әсер еткенін жазады. Мәліметке сәйкес, Бейжің Иран басшылығымен тікелей байланыс орнатып, Тегеранды уақытша атысты тоқтатуға келісуге көндірген. Қытай «соңғы сәтте» Ираннан икемділік танытуды сұраған.
Бұған дейін Қытай Пәкістан, Түркия және Мысырды қоса алғанда, делдалдар арқылы әрекет етуге тырысқан.
Дереккөздердің мәліметінше, бітімге Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи жеке өзі келісім берген.
#АҚШ #Иран #Қытай #бітім #келіссөз #саясат #халықаралыққатынастар