Қырғыздың қызғанышы оянды ма?

92

Munarmedia.kz 08.04.2026 /Astana/- Қырғызстан Еуропа елдерінің инвестициялары негізінен Қазақстан мен Өзбекстанға бағытталып отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Бұл туралы Қырғызстанның Германиядағы елшісі Өмүрбек Текебаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Еуропадан келетін инвестициялардың шамамен 95 пайызы Қазақстан мен Өзбекстан елдеріне тиесілі. Ал Қырғызстан және Тәжікстан бұл үдерістен тыс қалып отыр.

Елші сондай-ақ Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Еуропа мемлекеттерінің өңірге қатысты басымдықтары өзгергенін атап өтті.

Сонымен қатар, оның сөзінше, Германия мен Қырғызстан арасындағы сауда көлемі соңғы уақытта төмендей бастаған. Бұл жағдай Ресейге қарсы санкциялық саясаттағы өзгерістермен байланысты екені айтылды.

#Қырғызстан #Еуропа #инвестиция #Қазақстан #Өзбекстан #экономика