Иран жетекшісі Моджтаба Хаменеи ауыр халде жатыр деп хабарлады

9

Munarmedia.kz 08.04.2026 /Astana/- Иранның ықтимал жаңа жоғары жетекшісі ретінде аталып жүрген Моджтаба Хаменеи ауыр жағдайда ем қабылдап жатқаны хабарланды.

The Times мәліметінше, ол қасиетті Кум қаласында емделіп жатыр. Басылым бұл ақпаратты дипломатиялық жазбаға сілтеме жасай отырып таратқан.

Хабарламада АҚШ пен Израиль барлау қызметтері Моджтаба Хаменеидің ауыр дертке шалдыққанын және қазіргі уақытта ес-түссіз жатқанын алға тартқаны айтылады. Осыған байланысты оның ел басқару ісіне араласуы мүмкін емес екені көрсетілген.

Сонымен қатар, дереккөздер Али Хаменеи қаза болған жағдайда оны Кум қаласында жерлеу жоспарланып отырғанын жазады. Батыс барлау мәліметтеріне сәйкес, бұл өңірде бірнеше қабірге арналған ірі кесене салу да қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Кум қаласы Тегеран қаласынан шамамен 130 шақырым оңтүстікте орналасқан және шииттік исламдағы қасиетті орталықтардың бірі саналады.

#Иран #Кум #саясат #ТаяуШығыс #барлау #жаңалық