Дағыстанда болған су тасқыны салдарынан жеті адам қаза тапты.

21

Munarmedia.kz 08.04.2026 /Astana/- Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Дағыстан аумағында орналасқан Геджух су қоймасы бөгеті бұзылып, жағдай күрт қиындаған. Табиғи апаттан шамамен 15,5 мыңға жуық адам зардап шеккен.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алдын ала деректер бойынша, адамдар мінген жүк көліктерін су ағыны шайып кеткен. Соның салдарынан көліктер суға батып, балалар мен егде жастағы әйел көз жұмған.


Қазіргі уақытта өңірге түрлі елдерден гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін Қазақстан азаматтары да атсалысуда.

#Дағыстан #суТасқыны #төтеншежағдай #апат #Қазақстан #көмек