Munarmedia.kz 08.04.2026 /Astana/- Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Қазақстаннан мұнай сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Оңтүстік Корея Президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сик Қазақстанға келіп, мұнай жеткізу мәселесін талқылауды жоспарлап отыр.
Сапар аясында ол сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Оман елдеріне барып, үкімет өкілдерімен, мұнай компанияларымен және теңіз тасымалы операторларымен келіссөздер жүргізеді.
Мәліметке сүйенсек, Оңтүстік Корея мұнай импортының шамамен 61 пайызын Ормуз бұғазы арқылы алады. Өңірдегі тұрақсыздық бұл бағыттың қауіпсіздігіне әсер етіп отыр.
Айта кетейік, наурыз айында Корея Біріккен Араб Әмірліктерімен 24 млн баррель мұнай жеткізу туралы келісімге қол жеткізген. Алайда бұл көлем елдің қажеттілігін толық жабуға жеткіліксіз екені айтылуда.
#Қазақстан #мұнай #ОңтүстікКорея #энергетика #экспорт #ТаяуШығыс