08.06.2026. ASTANA. Munarmedia.kz – Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Бірсуат ауылы ауылында жергілікті агроөнеркәсіп кәсіпорнының қаржылай қолдауымен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
Жалпы аумағы 315 шаршы метрден асатын жаңа спорт нысаны бір ауысымда 100 адамға дейін қабылдай алады. Кешенде шағын футбол, волейбол, баскетбол және дзюдо секцияларына арналған әмбебап спорт залы қарастырылған.
Жаңа нысан ауылдағы 700-ден астам тұрғынның спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді деп күтілуде.
Спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысқан Марат Ахметжанов әлеуметтік жауапкершілік танытып, ауыл инфрақұрылымының дамуына үлес қосқан бизнес өкілдеріне алғыс білдірді.
Өңір басшысы спорт кешенінің жанынан воркаут және командалық ойындарға арналған қосымша ашық спорт алаңын салуды тапсырды.
Сонымен қатар кешеннің іске қосылуымен қатар ауылды абаттандыру жұмыстары да жүргізілді. Атап айтқанда, көшелер мен стадионның жарықтандыру жүйесі жаңартылып, ұзындығы 15 шақырым болатын кіреберіс автожол пайдалануға берілді.
Сонымен қатар салтанатты шараға белгілі әнші Наркенже мен айтыскер ақындар Дидар Қамиев, Мақсат Ақанаов т.б қатысып, мерекелік шараны қыздыра түсті.
Ашылу салтанатын қаражаты да жеке кәсіпкердің өз қалтасынан шығарылып, ауыл тұрғындарына тамаша мерекелік сый тартты.
Айта кететін жайттың бірі, жергілікті кәсіпкер Нұрлан осыдан бірнеше жылы бұрын өзі егін егіп, пайдасын көріп отырған ауылға мешіт салуды жоспарлаған еді. Алайда сол кездегі аудан әкімі болған Мұрат Балпанның тапсыруымен жаңа спорт нысанын салуға кіріскен еді. Бүгін міне кәсіпкердің елге жасаған сыйы ауыл жастарының спортпен шұғылданып, денсаулықтарын түзеп, ұлт жастарының дамуына өз үлесін қосуына септігін тигізеді деген сенімдеміз. Жалпы Бірсуаттық жастар аудандық, облыстық тіпті республикалық спорт шараларында үнемі жүлделі орындарға ие болып жүрген дарындылар.
Әр ауылға кәсіпкерлер осындай сый тартса қандай керемет болар еді.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жаңа әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, жастардың бұқаралық спортқа қызығушылығын күшейтуге ықпал етеді.
#АқмолаОблысы #Берсуат #СпортКешені #Ауыл #МаратАхметжанов #БұқаралықСпорт #Инфрақұрылым #Munarmedia #ASTANA