Munarmedia.kz 29.03.2026 /Astana/ – Көкшетау қаласының тұрғынына қатысты алаяқтық күдігі бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу деректеріне сүйенсек, 2023 жылдан 2026 жылдың қаңтар айына дейінгі аралықта күдікті Instagram желісі арқылы Ұлыбританияда ақылы жұмысқа орналастыруды ұсынған.
Ол виза, медициналық сақтандыру рәсімдеуді, биометриялық деректерді тапсыруды және басқа да процедураларды жасайтынын уәде еткен. Бұл үшін қолма-қол ақша және банк аудармалары арқылы ақша алған. Алайда, шын мәнінде шетелде ешқандай жұмыс ұсынбаған.
Зардап шеккендердің саны шамамен 80 адамды құрайды. Жалпы шығын 40 миллион теңгеге жуық бағаланып отыр.
Сот күдіктіге қатысты үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады (©zakonkz).