Қазақстан Мысырды сенімсіз елдер тізімінен шығарды

10


Munarmedia.kz 29.03.2026 /Astana/ – Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Мысырға сапарлар енді ұсынылмаған тізімге кірмейді. Бұл шешім ағымдағы жағдай мен туристік инфрақұрылымның жұмысын ескере отырып қабылданды.

Сонымен қатар, Израиль, Иран, БАӘ, Катар және басқа да бірқатар Таяу Шығыс елдеріне сапардан бас тарту туралы ұсыныстар сақталады.

Өңірдегі Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын сақтау және жергілікті билік өкілдерінің нұсқауларын орындау ұсынылады (©kursivm).