Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ақмолада cу тасқынында үй салуға бөлінген 300 миллион теңгені жымқырғандар ұсталды

51



Бұл қаржы 2021 жылы Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіруге бөлінген. Сондай-ақ 100 пәтерлі үйлерді салуға бағытталған.

Қомақты қаржыны ұрлағандар:

🔶 Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі;

🔶 "Престиж Строй 7";

🔶 "Фундаменталь" ЖШС басшылары.

Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Екі күдікті күзетпен ұстауға, ал үшіншісі үйқамаққа алынды.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүліктер анықталды. Олар Алматы, Астана қалаларындағы жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құрылғылары және банктік шоттарда 50 миллион теңгеден астам ақшалай қаражат. Тыйым салынған мүліктің жалпын құны 335 миллион теңгеден асты.