Ресей президенті Қазақстанда жаңа орыс мектептерін салуға қолдау білдіретінін айтты. Ол еліміздің оңтүстігінде, қазақтар тығыз қоныстанған үш қалада орыс мектептерінің салынатынына сенім білдірген. Ал Тоқаев Ресей қалаларында да қазақ мектептері ашылатынына үмітті екенін айтқан.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, балалар бәсекеге қабілетті болуы үшін көп тілде білім алуы қажет. Тіпті оған ата-аналардың қарсылығы жоқ дейді.