2025 жылы Қазақстан Ресейден айналып өтетін мұнай жеткізу көлемін 13 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) құбыры арқылы экспорт жылына 1,5 миллион тоннадан 20 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл өсім елдегі мұнай өндіру көлемінің артуына байланысты жүзеге аспақ.
Каспий теңізі арқылы экспортты біртіндеп арттыруға деген қызығушылық Ресейді делдал ретінде пайдалануды болдырмауға мүмкіндік береді, деп атап өтті Сәтқалиев. Қазіргі уақытта Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80%-ы Ресей арқылы жүзеге асырылып отыр.
Биыл Қазақстан 88,4 миллион тонна мұнай өндіруді, 2026 жылдан бастап ел жылына 100 миллион тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр.
Әрине жақсы бастама. Алайда Қазақстанды толық уысында ұстағысы келетін Ресей бұған жол бере қоймас.