Қазақстан Ресей Президенті Владимир Путиннің 27 қарашада Астанаға жасайтын мемлекеттік сапары барысында "Росатомның" республикада атом электр станциясын салуға қатысуын талқылауға дайын. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев журналистерге мәлімдеді.
"Егер бұл мәселе ресейлік тараптан көтерілсе, біз оны талқылауға дайынбыз," – деді министр.
Оның айтуынша, Қазақстан үкіметі атом электр станциясын салуға түрлі компаниялардың қатысу мүмкіндігін талқылау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрған.
Естеріңізге сала кетсек, Президент бұл мәселені халықаралық консорциум құрып шешеміз деген еді. Өткен аптада Росатом басшыларының Олжас Бектеновпен кездескені мәлім.