Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстан Ресей мен Қытай арасындағы газ құбыры жобасына қызығушылық танытуда

46



Қазақстан Ресейден Қытайға газ жеткізу үшін өз аумағы арқылы газ құбырын салу жобасына қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев журналистерге мәлімдеді.

"Бұл жоба екі мемлекеттің – Ресей мен Қытайдың құзырында, олар жобаны жүзеге асыру үшін негізгі параметрлерді анықтауы қажет. Қазақстан, сөзсіз, бұл жобаны жүзеге асыруға мүдделі . Біз трассаның біздің аумақ арқылы өтуіне дайынбыз," – деді министр.

Сәтқалиевтің айтуынша, Қазақстан аумағын беру туралы шешім ел ішіндегі нарыққа келісілген бағамен белгілі бір көлемде газ жеткізу қажеттілігіне байланысты қабылданады. "Біз шамамен 10 млрд текше метрге дейінгі көлем туралы айтып отырмыз," – деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетсек Ресей газын өз елі арқылы Қытайға жеткізуге Монғолия келіспеген болатын. Сонымен қатар Түркіменстанда толық келісімін берген жоқ. Бұл құбыр салынса Қазақстан Еуропаның санкциясына ілініп қалуы да ықтимал.