Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ департаменті Белоруссиядағы өз азаматтарына тез арада елден кетуді сұрады

51


АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Беларусьтегі азаматтарына осы елді «тез арада тастап кетуді» және Беларуське сапар шегуді жоспарлап отырғандарға саяхаттарын тоқтатуды ұсынды.

Департаменттің хабарлауынша, Беларусь билігі жергілікті заңдарды өз қалауынша өзгертіп, тұтқындау қаупі бар, сонымен қатар Украинаға қарсы соғыста Ресейге көмек көрсетуін жалғастырып жатқандықтан, елде тұрақсыздық пен жағдайдың алдын болжау мүмкіндігі артты. Осы себептен АҚШ азаматтары Беларуське сапар шекпес бұрын мұқият ойлануы қажет.

2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін АҚШ Минскідегі Елшілігінің жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Содан бері АҚШ азаматтары үшін Беларуське саяхаттау қауіпті елдердің тізіміне енгізілген.